Бүгін 40 градусқа дейін аяз болады
Бүгін 40 градусқа дейін аяз болады
Фото: rus.bashgazet.ru
732
оқылды
Қазақстанның басым бөлігіне Арктикалық антициклон әсер етіп, аяз күшейеді. «Қазгидрометтің»  мәліметінше, тек қана республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар жауады. Оңтүстіктегі таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болады. Түнде Маңғыстау облысында -25 градус аяз болады, Атырау облысында -30 градус, Ақтөбе облысында -35-39 градус, Қостанай облысының шығысында -40 градусқа дейін жетеді. Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің таңғы сағат 06.00-дағы мәліметінше, бүгін Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылды.