Маңғыстауда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Маңғыстауда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Фото: zabrab75.ru
1,006
оқылды
Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Жол-көлік апаты кезінде үш адам қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады. Қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 15.35-те болды. ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Аталған факт Қылмыстық кодекстің  345-бабы  4-бөлігіне сәйкес, Түпқараған ауданы ПБ ЕҚДБ-да «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырудағы ЖҚЕ бұзушылық» бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.