Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға болды: 3 айлық сәби пышақ жарақатынан көз жұмды
Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға болды: 3 айлық сәби пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: pixabay.com
827
оқылды
Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға болды. Панфилов ауданында үш айлық қыз бала пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға бүгін Жаркент қаласында болған. Полиция департаменті жаға ұстатар жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің  99-бабы 3-бөлігі (жас адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді», деп мәлімдеді Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Пышақ жарақатын алған нәресте шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.