Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады
594
оқылды
"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, ел аумағының басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз аязды ауа-райы сақталады. Алматы облысының таулы және тау етегінде орналасқан елді мекендерде қатты қар жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде Атырау облысында 30 градус қатты аяз күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болжанады. Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі. Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады. Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында мол қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі. Түнде Маңғыстау облысында 25 градус қатты аяз күтіледі. 12-13 қаңтардағы ауа райы болжамы: 12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 40-41 градус қатты аяз күтіледі. 12 қаңтарда түнде Улытау облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі. 12-13 қаңтарда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-31 градус қатты аяз күтіледі. 12-13 қаңтарда түнде Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз күтіледі.