Ашық микрофон: қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Ашық микрофон: қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
©https://www.gov.kz/
370
оқылды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті. «Ашық микрофон» форматында өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауабын алып, бірқатар мәселелердің шешімі табылып, әкімдіктің бақылауына алынды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жариялады. [caption id="attachment_235636" align="alignnone" width="1200"]әкім ©https://www.gov.kz/[/caption] Әкімнің айтуынша, жүздесуде аудан тұрғындары әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, абаттандыру, жылы аялдамалар, бейнебақылау камераларын орнату, жаңа маршруттарды іске қосу, интернет, инфрақұрылым нысандары және т.б. мәселелерді көтерілген. [caption id="attachment_235637" align="alignnone" width="1200"]әкім ©https://www.gov.kz/[/caption] – Осы орайда негізгі мәселелерге тоқталып өтейін. Қалада сумен, жылумен, электрмен қосымша жабдықтау қажеттілігі бар. Келесі жылыту маусымы басталғанға дейін ЖЭО-3, екі газ жылу станциясының құрылысын аяқтауды тапсырдым. Бұл нысандар жылумен жабдықтау көлемін едәуір арттыруға, сол сияқты құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл ауыз су станциясын (ССС-3) толық қуатта іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл су беру мәселесін де шешеді. Дегенмен бірнеше жылдан кейін бұл да жеткіліксіз болады. Сол себепті қаланың бас жоспарының жобасына елорданың тіршілігін дұрыс қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар нысанның құрылысын енгіземіз, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек. [caption id="attachment_235638" align="alignnone" width="1200"]әкім ©https://www.gov.kz/[/caption] Сонымен қатар, елорда әкімі көктем мезгілінің келуімен аудандарды абаттандыру, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу және т.б. бойынша жүйелі жұмыстарды жалғасатынын жеткізді. – Тұрғындардың №15 қалалық емхана мен №13 мектеп (Промышленный елді мекені) бойынша көтерген мәселелерін қарастыру жоспарға алынды. Емхана бойынша – биыл жобалау жұмысын бастаймыз, содан кейін құрылысына кірісеміз. Мектептің жаға ғимаратының құрылысын биыл бастауды жоспарлап отырмыз, – деді ол. [caption id="attachment_235639" align="alignnone" width="1200"]әкім ©https://www.gov.kz/[/caption] Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысын қолға алынып, қала басшысының бақылауына ілінді. Үш сағатқа созылған жүздесуді әкім ендігіде тұрақты тұрде өткізіп тұратынын жеткізді. Оған қоса, әкім алыс-жақын елдімекендердегі тұрғындарман жүздесетінін айтты.