Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте 138 адам коронавирусқа шалдыққан.
12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 343 адам коронавирустан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр;
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.