Жастар саны 6 миллионға жетті
Жастар саны 6 миллионға жетті
467
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі еліміздегі жастар саны 6 миллионға дейін көбейгенін мәлімдеді.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға сәйкес жастар санаты 35-ке дейін ұлғайды. Осылайша, еліміздегі осы санаттағы азаматтар саны 6 миллионға дейін көбейді. Енді салада ауқымды істер атқарылып, заң игілігін барша жастарымыз көреді деген сенімдеміз. Еліміздегі жастар ресурстық орталықтарына бір жыл ішінде 400 мыңнан астам адам түрлі мәселемен жүгінген. Сондықтан еліміздің барлық өңірінде жастар ресурстық орталықтары ашылуы қажет деп ойлаймыз», – деді министр.
Президент тапсырмасына сәйкес, 2023-2027 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жобасы әзірленіп, ашық талқылауға ұсынылды.