Жамбыл атындағы филармонияда романс кеші өтеді
Жамбыл атындағы филармонияда романс кеші өтеді
338
оқылды
2023 жылдың 28 қаңтарында, сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының «БОЛЬШОЙ ВЕЧЕР РОМАНСА» атты концерті өтеді. Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов. Кеште капелла артистерімен қатар, солистер – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреттары Роза Бақбергенова, Софияна Благодарная, Фархат Кубиев, Аружан Төлепберген, Мирас Киньяров, Дияр Нурсултанов, Иван Прытков, Гүлзада Дүйсенова, Әзиза Әбдрейм, Мади Жүнісов, Мейрхан Тлеулес, Сұңқар Алимұса, Халид Орынқұл өнер көрсетеді. Бағдарламаға романс жанрындағы ең таңдаулы шығармалар енген: «А напоследок я скажу», «А цыган идёт», «Побудь со мной», «Эй. Ямщик, гони-ка к Яру», «Ночь светла», «Ямщик, не гони лошадей!..», «Отцвели хризантемы», «Калитка», «Только раз…», «Гори, гори, моя звезда», «Очи черные», «Іздедім сені», «Әселім», «Я встретил вас», «Шёлковый шнурок», «Китмә, сандугач», «Милая». Туындылар фортепиано, скрипка және гитараның сүйемелдеуімен орындалады. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Құлшәріпов, скрипка партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Антон Маркелов және гитара партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Беназир Қуат.