Шетелдік көлікті заңдастыру үшін қандай құжаттар керек?  
Шетелдік көлікті заңдастыру үшін қандай құжаттар керек?  
Фото: sauap.org/ru
1,321
оқылды
Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, шетелдік көлікті заңдастыру үшін 4 құжат керек.
– "Атап айтқанда, өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік. Сондай-ақ көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат – мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік», – деді Қайсар Сұлтанбаев.
«Қазақпараттың» жазуынша, аталған құжаттар мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында тексеріледі. Бұған дейін шетелдік көліктерді заңдастыру мәселесі туралы жазған болатынбыз.