Шетелден әкелінген автокөлікті заңдастыру үшін ХҚКО-да 214 мың теңгеге жуық қаржы төлейді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шетелдік нөмірі бар көлікті біздің елде бір рет заңдастыру жеткілікті.
Сонымен, ХҚКО арқылы 200 мың теңге көлемінде бірреттік төлем, техпаспорт үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж, көлік иесі мемлекеттік нөмір алу үшін 9 660 теңге төлейді.
Барлық құжат тексеріліп, төлем жасалғаннан кейін көлік иесіне Қазақстанның тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі.
Көлігін заңдастырған азаматтар утилизациялық алым төлеуден босатылады.
Бұған дейін көлікті заңдастыру үшін қажет құжаттар тізімін жазған болатынбыз.