«12 сағат жатып қалған» – Жамбылда дүкенге кеткен келіншек сәбиінен айырыла жаздады
«12 сағат жатып қалған» – Жамбылда дүкенге кеткен келіншек сәбиінен айырыла жаздады
Фото: видеодан скриншот
8,033
оқылды
Жамбыл облысында 20 жастағы келіншек дүкенге барамын деп сәбиінен көз жазып қалды. Ол дүкеннен үйіне оралғанда мүгедек баласын таппай, жер сипап қалған. КТК арнасының мәліметінше, келіншек екі жастағы сал ауруына шалдыққан баласын шешесіне қалдырып, түнгі сағат екілер шамасында дүкенге шыққан екен. Өзі бір жарым сағатқа кешіккен. Ал сол кезде үйге анасының бір топ танысы келіп, көңілді кеш ұйымдастырған. Сәби жылай бергесін ер адамның біреуі оны көрпеге орап, түн жарымда мешітке апарып тастаған. Мешіттің азаншысы ертеңіне намаз оқуға келгенде жайнамазда жылап жатқан сәбиді көріп, құзырлы орындарға хабар беріпті. Ол мұнда 12 сағат жатып қалған. Бұл кезде 20 жастағы әйел дабыл қағып, іздеу жұмысына 80 полицей мен 50 ерікті жұмылдырылған еді. Күдікті баланы түн жарымда не үшін мешітке апарғанын түсіндіре алмаған. Ол ішімдік ішкеннен есімді білмеймін деп ақталып отыр. Қазір «Адам ұрлау» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы: «Оны осы мешітіміздің азаншысы Абай Омаров деген ағамыз көріп қалады. Азан шақыруға келген кезінде бала жылап жатқан. Баланың үсті ашық тұрған. Тезірек курткасын алып жабады. Бірақ мешітіміз қуанышқа орай өте жылы болатын. Медицина қызметкерлері келіп тексергенде денесінде ешқандай жарақаты жоқ, бала аман-сау», – дейді.