Өткен бір тәулікте коронавирус 53 адамнан анықталды. Пневмонияға 7 адам шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 10 адамның жағдайы ауыр;
– 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.