Ақмола облысында қайғылы жағдай болды: ерлі-зайыпты 2 жасар баласымен көз жұмды
Ақмола облысында қайғылы жағдай болды: ерлі-зайыпты 2 жасар баласымен көз жұмды
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
2,280
оқылды
Ақмола облысында үш адамнан тұратын отбасы өрттен қаза тапты, – деп хабарлайды 716.kz. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Атбасар ауданы Сочинское ауылында 2 пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шыққан.
«Оқиға орнына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, «Шортанбай-2019» ЖШС ерікті өрт сөндіру жасағы және жергілікті тұрғындар дереу аттанды»,  деді Атбасар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Әшкенов.
Белгілі болғандай, №1 пәтердегі 80 шаршы метр аумақтан шыққан өрт 10 шаршы метрлік №2 пәтерге ауысқан. Өрт түнгі сағат 04.59-да оқшауланып, 05.35-те өшірілді.
«Өрт орнынан үш адамның: 32 жастағы ер адамның, 31 жастағы әйел мен екі жасар баланың мәйіті табылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген хабарламада.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.