Қараталда қояндар қырылып жатыр
Қараталда қояндар қырылып жатыр
Қоян жылы  Қаратал ауданының аумағын мекендеген қояндарға қиын тиіп тұр. Құмының өз құпиясы, тоғайының тылсымы, өзенінің өзіндік мінезі мен жағалауының жайлылығы бар атырапта жыртылып-айырылатын аңның бірі осы ортекедей орғыған момын аң еді. Қаратал өзенінің төменгі жағында оналасқан Байшегір ауылы мен сол маңдағы үлкенді-кішілі елді мекендердің тұрғындары кейінгі күндері ауылдан сырттау шықса, серейіп қатып қалған салпаң құлақтарды көріп, басқа аң-құс пен мал-жанның амандығы үшін алаңдайтын болды.  Қоянға келген кесел, ертең басқаларға таралмасна кепілдік жоқ. Жабайы аң-құсқа бай Сарыесік- Атырау алқабында дала қояндары өздігінен өліп жатыр. Бұта түбінде серейіп, қатып қалған қояндарды көргендер бұл ненің кесапаты екенін білмей, басы қатырып жатыр. Қыстың суығына шыдамады дейтіндей, Жетісу өңірінде, оның ішінде Қаратал аймағында  бойында жаны бар тірлік иесіне қауіп төндіретіндей, аяз бола қоймайды. Биылғы қыс басқа мал-жанның, аң-құстың бәріне жайлы болып тұрғанда, қоянға қандай зауал туғанын болжау қиын. Өйткені Төменгі Қаратал аумағында мекен ететің басқа аңның немесе құстың өлексесі әлі кездеспеген. Саршұнақ аяз жоқ, басқа аңдар мен үй жануарларының өлексесі байқалмайды. Шаруа қожылығының иелері өлген қояндарндың өлексесін аудандық ветеринарлық инспекцияға тексеруге жіберіп, сол жаққа құлақ түріп, абыржып отыр.    width= ҚР АШМ ВБҚК Қаратал ауданы аумақтық инспекциясының басшысы Саламат Нұрланұлы:  «Бізге шаруалар хабарласып, өлген қоянды беріп жіберді. Инспекция негізінен біз үй жануарларына қатысты жұмыс жүргізеді.  Даланың жабайы аңдарына басқа мекеме жауапты. Бірақ, бір аудан болғандықтан шаруалардың өтінішіне құлақ асып, кесел шыққан болса, ертең үй жануарларына кесірі тимесі үшін алдын алу жұмыстарын жүргізудеміз.  Әкелген қоянды облыстағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясына тексеруге жөнелттік», – деп өздерінің бұл жағдайдан хабардар екекндігін білдірді. Сарышұнақ аяз жоқ, айдың-күннің аманында дала қояндарының қырылуы бекер емес. Жалпы Жетісу облысында  қояндардың  қыста қатып қалуы туралы оқиғалар бұрын тіркелмеген. Сондықтан биылғы жағдайды мұқият зерттеу қажет. Аязды күндері  қоян жабағының бір жылдық жүрісін бір түнде жортып тастайды дейді аң-құстың жайын жақсы білетіндер.  Қатты суықта қатып қалмау үшін, түнімен тоқтамай жортатын көрінеді . Енді осыны ескерсек, айтарлықтай суық жоқ  кезде қояндардың қатып қалуы түсіндіру қиын. «Төменгі Қаратал аумағында қояндардың өздігінен өліп жатқаны жайлы аудандық ветинспекция хабарлады және өлген қоянды сақтық шарасын орындай отырып, бізге жіберді. Біз оны арнайы тексеру зертханада тексереміз.  Сол жерде себебі анықталады. Әзірге ештеңе айта алмаймыз, сараптама шешімі шықсын», – дейді Жетісу облысы орман шаруашылығы жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының басшысы Нұрқуат Қонысбаев.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы