Биыл сайлауға қанша миллиард теңге жұмсалады?
Биыл сайлауға қанша миллиард теңге жұмсалады?
Фото: inbusiness.kz
456
оқылды
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізуді тапсырды. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 2023 жылға бөлініп отыр. Шығын саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жаңа аралас сайлау жүйесін енгізуді ескере отырып есептелген», – деп жазылған Қаржы министрлігі таратқан мәліметте. Бұған дейін Қазақстанда жаңа партия тіркелгені туралы жазған болатынбыз.