Қостанай облысында құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
Қостанай облысында құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
250
оқылды
Қостанай облысындағы Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«19 қаңтар күні сағат 10.30-да Горняков көшесі бойында жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылды. Осыған байланысты 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған учаскесін анықтау қажет. Оқиға орнында «Рудный жылу желілерінің» апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде жылу беру толық қалпына келтіріледі», – деп мәлім етті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.