Атырауда жалпы білім беретін орта мектептің басшысынан туберкулез анықталды. Бұл туралы Атырау қаласының білім бөлімі облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 18 қантар күні шыққан анықтамасы негізінде хабарлады.
Қазір мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді.
Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізілетіні және мектепке тиісті санитарлық шаралар жүргізіліп жатқаны айтылды.