Екібастұзда көшеде үсіп қалған әйелдің жеке басы анықталды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Сараптаманың нәтижесі бойынша 57 жастағы әйел адам аяздан үсіп қайтыс болғанын көрсетті.
«Әйелдің жеке басы анықталды. Ол 1966 жылы туған Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады облыстық Полиция басқармасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 12 қаңтарында Беркімбаев көшесінде денесінде зорлық-зомбылық сыртқы белгілері жоқ белгісіз әйелдің денесі табылды.
Облыстық Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын.