Елімізде Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады
Елімізде Туды қорлағандарға 10 млн теңге айыппұл салынады
Фото: toppress.kz
906
оқылды
Қазақстанда Туды қорлағандарға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 372-бабына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл 3 мың АЕК-ке (1 АЕК – 3 450 теңге) дейін және қоғамдық жұмыстарға тарту мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін өсті, – деді Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.