Ақмолада үй иесі мен қонағын пышақтап өлтірген адам 20 жылға сотталды
Ақмолада үй иесі мен қонағын пышақтап өлтірген адам 20 жылға сотталды
1,467
оқылды
Ақмола облысының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Күдікті төрт жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін абақтыдан шыққаны белгілі болды. Аталған фактіге сәйкес,  ҚР ҚК-нің 99-бабы  2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 2021 жылғы 3 қарашада С. есімді азамат қайтыс болғандардың бірінің үйінде болып,  алкоголь ішкен. Отырыста күдікті басқа қонақпен сөзге келіп, жүрек тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Салдарынан ер адам сол жерде тіл тартпастан көз жұмады. Одан кейін қылмыстың куәсі болған пәтер иесінің кеудесіне де пышақ сұғып өлтірген. Сот сотталушының екі адамды өлтірген кездегі салқынқандылығын, іс-әрекетін есеппен жасайтынын және мұндай жағдайдың қайталанып отырғанын ескерді. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазаны өтеу төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды.