Талдықорғанда үш құрбысы жабылып сабаған Мадинаның жағдайы белгілі болды
Талдықорғанда үш құрбысы жабылып сабаған Мадинаның жағдайы белгілі болды
19,725
оқылды
Талдықорғанда төбелескен кешкі мектеп пен колледж студент қыздарының сұхбаты көпшілікті қайран қалдырды. «Көреміз» бағдарламасы таратқан ақпараттарға қарасақ, олар кәмелет жасына жетпей ішімдік ішіп, жартылай жалаңаш суреттерін желіге жүктеп, ересек өзге ұлт өкілдерімен қонақүйлерге барып жүрген. Ал жалдамалы пәтердегі төбелес оқиғаның шыңы болды. Мадинаның апасы немересінің таяққа жығылғанын WhatsApp арқылы тараған видеодан көріп, шошып кеткен. Бірден дәрігер шақырып, қызды медициналық тексеруден өткізген.
«Мен оның таяқ жегенін байқамадым. Тек WhatsApp-тан  видеоны көргенде қорқып, больницаға алып бардым. Мұндай адамдарды қатаң жазалау керек. Не сұмдық мынау? Малды да бұлай сабамайды. Дәрігер миы шайқалған, гематома деп отыр. Мен арыз жаздым, жай қалдырмаймын», - дейді Мадинаның апасы.
Ал Мадинаның өзі болса ешкімге ешқандай шағымданбағанын айтады.
«Олар өздері түсіріп, өздері таратып өз бастарына жасап отыр. Мен ешкімге де айтқан жоқ едім. Апама да шағым айтпағанмын. Сол күні полиция шақырдым,  жалдамалы пәтерге. Сол қызметкерлер мені үйге алып келіп тастады»,- құрбылары жабылып ұрған Мадина есімді 15  жастағы қыз.