Азия чемпионаты: бүгін 11 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Фото: olympic.kz
Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финал өтеді.
Шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан рингке 11 боксшы шығады. Жекпе-жекті тікелей эфирден Астана уақытымен сағат 13.00-де тамашалауға болады.
Боксшылардың қарсыластары:
48 келі Санжар Тәшкенбай — Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд)
54 келі Нұрсұлтан Алтынбек — Ислам Торобаев (Қырғызстан)
57 келі Махмұт Сабырхан — Джеричо Акайлар (Филиппины)
60 келі Талғат Сырымбетов — Пхутханет Родсук (Таиланд)
63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Тулга Оюнбаатар (Моңғолия)
67 келі Абзал Серік — Пенх Вантхунг (Камбоджа)
71 келі Сабыржан Аққалықов — Довуд Махкамов (Тәжікстан)
75 келі Диас Молжігітов — Аиликути Кахаер (Қытай)
80 келі Ерасыл Жақпеков — Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
92 келі Ерхат Бекзат — Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)
+92 келі Аманат Сабырғали — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Азия чемпионаты 26 қаңтарда аяқталады.