Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұт Сабырхан финалға шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джеричо Акайлармен финалдың жолдамасын сарапқа салды.
Махмұт екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен жеңді. Төрешілер есебі – 5:0.
М.Сабырхан соңғы бәсекеде таиландтық Саравут Суктетпен алтын медаль үшін таласады.