Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің директоры А.Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kzСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221миллионтеңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Нұразхан ұсталды.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.