Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының экс-орынбасары қамауға алынды
Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының экс-орынбасары қамауға алынды
Фото: total_kz
892
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің директоры А.Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Нұразхан ұсталды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.