Ақмола облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жас жігітті қорқытып, екі несие рәсімдеген бопсалаушыларды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Polisia.kz-тің дерегінше, Көкшетау полициясына бопсалау фактісі туралы облыстық орталықтың 22 жастағы тұрғын жүгінді.
Жас жігіттің айтуынша, белгісіз үш жігіт оны пәтерге күшпен кіргізіп, денесіне зақым келтіріп, кейін пышақпен қорқытып, көп қаражат талап еткен. Жағдайларды егжей-тегжейлі анықтаған жедел уәкілдер жәбірленушінің бұған дейін ВКонтакте әлеуметтік желісінде қызбен танысқанын анықтады.
Ал алғашқы кездесуден кейін оны бопсалаушылар қармаққа түсірген. Жәбірленушіде талап етілген сома болмағандықтан, қаскөйлер оның телефонындағы банктердің қосымшалары арқылы екі онлайн несие рәсімдеп, жәбірленушіні үнемі өздерінің бақылауында ұстап, жақын маңдағы банкоматтардан ақшаны шешіп алған. Қолма-қол ақша берген жас жігіт бірден полицияға жүгінді.
Аталған дерек ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Көкшетауда арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.