Президент Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Президент Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
336
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар Сенат депутаттарының өкілеттігі тоқтатылды,  – деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары: Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың; Владимир Васильевич Волковтың; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың; Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің; Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның; Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың; Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың; Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың; Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің; Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың; Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды.