Өткен тәулікте елімізде 72 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Aikyn.kzДенсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан (–1 608+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.