Ақмолада бөтеннің көлігін айдап әкеткен екі мас әйел ұсталды
Ақмолада бөтеннің көлігін айдап әкеткен екі мас әйел ұсталды
550
оқылды
Екі құрбы біреудің көлігімен серуендеуге шыққан. Алайда олардың сапары ұзаққа бармады. Мас жүргізушіні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқатты. Ақмолалық тұрғынның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды.
Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ ол көлікті бейтаныс адамнан сұрамай, ұрлап кеткен.
Аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі, "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, делінген полиция хабарламасында.