Жатыпатар жаңылтпаштар
Жатыпатар жаңылтпаштар
706
оқылды
Сары қыз Қарбыз жеді. Сары қыз қарбызды Жалғыз жеді.   *** Нұрғали тұрған үй Тұран жақта. Тұран Нұрғали тұрған үй жақта.     *** Бұлбұл     «Тұлпар болам!» деді. Тұлпар «Сұңқар болам!» деді. Бұлбұл тұлпар болмай, Бұлбұл болды. Тұлпар сұңқар болмай, Дүлдүл болды.   *** Қара бала Қарағайды аралайды. Арасы қарағайды Аралауға жарамайды.   *** Сары бала Арбаға мінді. Арбаға мінген Сары балаға «Сарнама!» дедік.   *** Атама ұнайтын Бота ма? Тайраңдайтын тайлақ па? Мінгенге жақсы Інген бе? Әлде нар ма? «Нар жолында жүк қалмас», Нардан мықты бар ма!   *** Шарханның Шақшадай басы шарадай болды. Шалшыққа аунап, Қара лай болды.   *** Мағазды мазалама, Мағаз қағазға жаза ала ма? Мағаз қағазға жаза алмағасын, Қағаз қайық жасаған Мағазға айып таға алмайық.   *** Қанаттың арманын Қанағаттандыра алмадық. Қанағаттандыра алмағанымыз сол – Қалаға аттандыра алмадық.   *** Әрі-бері жүретін, Әбігерленіп үретін Арлан итім «Р-р-р» дейді. Қырық екі әріптің «Р»-дан басқасын білмейді.   *** Қоңсы тұратын Қоңқыштың Қоңызы да жоқ, Доңызы да жоқ. Қоңыр үнді қобызы бар.   *** Аңғарда Аң бар. Аңысын аңдып, Ататын жан бар. Аңды аямайтын Браконьерді аңғар.   *** Әрі қарасам – Ала қарға. Бері қарасам – Қара қарға. Ала қарға Жарға қонды. Қара қарға Қарға қонды.   *** Балық аулап отыр ауыл: «Балыққа Балықшының толтыр ауын!». Балыққа емес, Балықшыға Бас салады қолтырауын.   *** Боран борап, Қар жауды. Ауа райы қолайсыз ба? Тыз етіп, Табаныңнан сыз өтіп, Жаурап қалма абайсызда.   *** Сурет салсаң, Сәндеңкіре. Әр бояумен Әрлеңкіре.   *** Аңғал-саңғал Шоңқорамыз қаңырап тұр. Қоңы кетіп, тоңғасын, Қоңыр қозым маңырап тұр.   ***. Бұл – бізбіз. Шыж-быж болмай, «Сіз-біз» болып, Сызылып тұрған қызбыз.   *** Жоңышқаға жайылған Жорғамды, Ажырыққа әкеп, Азырақ оттаттым.   *** Үш-төрт бала бір-бірін Келекеледі біртүрлі. «Кімге кім күлді?» деп, Бір-біріне ұмтылды. Басы піспес баланы Етеді ме жұрт үлгі?   *** «Әжеме керек көзілдірік!» Деп ойладым өзім біліп. Көзілдірікке қоса Қажетті Газетті әкеп, Әжемді мәз еттім.   *** Қаңбақ Жаңғаққа ұқсамайды. Жаңғақ Қаңбаққа ұқсамайды. Қаңбағың-қаңғалақ, Жаңғағың-жаңғалақ. Қаңбағыңда мән жоқ, Жаңғағыңдай дән жоқ.