Заң шығару үдерісі тоқтамауға тиіс
Заң шығару үдерісі тоқтамауға тиіс
314
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лығымен палата отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заңды қарап, мақұлдады. Отырысты ашқан Сенат Төрағасы Мәжіліс мерзімінен бұрын таратылып, ол уақытша болмаған кезеңде Парламенттің заңдар мен конституциялық заңдарды қабылдау қызметі толығымен Сенатқа жүктелетінін айтты.
«Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін заң шығару процесі тоқтамауға тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген және аса маңызды мәселелерді шешуге арналған заң жобалары уақытылы қаралып, қабылдануы қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.
Палата отырысында сенаторлар «2014 жыл­ғы 23 жел­тоқ­сандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» (10.06.2022 жылы қол қойылған) және «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық эко­номикалық одақ шең­берінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсат­тағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» (30.12.2021 жылы қол қо­йыл­ған) заңдарды қарап, мақұл­дады.
«Бұл заңдар Еуразиялық экономикалық одақ аясын­дағы медициналық бұйымдар айнылымына қатысты жекелеген мәселерді реттеуге арналған. Жаңа нормалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді сапалы медициналық бұйымдармен жүйелі негізде қамтамасыз етуге қолайлы жағдай қалыптастырады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар сенаторлар жаңа редакция­дағы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заңды және оған ілеспе «Қа­зақ­стан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер, ақпараттандыру және соттық әкімшілендіру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдады. Аталған заңдар елімізде цифрлық активтер мен цифрлық майнингті шығару және олардың айналымы жөніндегі қызметті одан әрі дамыту үшін құқықтық база қалыптастыруды көздейді. Айта кетейік, өткен аптада сенаторлар бұл заңдарды концептуалды түрде мақұлдап, олардың жекелеген баптарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарымен Мәжіліске қайтарған еді.