85 еңбек дауы тіркелген
85 еңбек дауы тіркелген
560
оқылды
«Жаңа қоғамдық келісім: Әділетті еңбек қатынастары» атты әлеу­меттік әріптестер форумының алдында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы БАҚ өкілдеріне мұнай-газ саласындағы еңбек дауы туралы мәлімет берген Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин былтыр елімізде 85 еңбек дауы тіркелгенін жеткізді. Оның ішінде 41-і оң шешілген.
«Еңбек дауының көбі мұнай саласында, оның ішінде Маңғыстау облысында болды. Ол жердегі көтерілген мәселелер: еңбекақы мәселесі, қолайсыз еңбек жағдайының туындауы және жұмыс берушілердің еңбеккерлер құқығын бұзуы. Сол 85 даудың төңірегінде қарасақ, оларға мыңдаған адам қатысты деп айтуға болады», – деді ол. Сондай-ақ федерация басшысы еңбек дауын шешуге қатысы бар заңнаманы жетілдіруге белсенді атсалысып жатқанын айтады. «Жаңағы 85 даудың ішінде тек 41-інде ғана кәсіподағы бар кәсіпорындар болды. Біз соған қарамастан бүкіл 85 даудың шешілуіне келіссөз жүргізуге тікелей араластық. Сол араласудың арқасында, басқа да әлеуметтік әріптестердің атсалысуының арқасында даулардың 80 пайызы еңбеккердің мүддесіне оң шешілді», – дейді ол.