"Ақтөбе - Астрахан" тасжолында апат болып, бір адам көз жұмды
"Ақтөбе - Астрахан" тасжолында апат болып, бір адам көз жұмды
314
оқылды
Оқиға бүгін, яғни 28 қаңтар күні сағат 12.30 шамасында болды. Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, Ақтөбе-Астрахан тасжолының 523 шақырым тұсында КамАЗ көлігі жеңіл машинамен соқтығысқан. Салдарынан Skoda автокөлігінің 63 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Баян Жанұзақова