Перудің солтүстігінде 60 жолаушы мінген автобус сенбі күні жардан құлап кеткен. Салдарынан 25 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға сағат 03.00 шамасында болған. Рейстік автобус жүргізушісі Пьюра аймағы Талара провинциясындағы қолайсыз жолда көлікті игере алмай, автобус құздан құлаған.
Қазір жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Перуде жол-көлік апаты жиі болады. Оның негізгі себептері – жол мен көліктердің нашарлығы, сондай-ақ көлікті жүргізуші куәлігінсіз немесе мас күйінде айдау.