«Бауыры езіліп, қабырғалары сынған» – тауға сырғанауға барған 17 жастағы қыз ауыр жарақат алды  
«Бауыры езіліп, қабырғалары сынған» – тауға сырғанауға барған 17 жастағы қыз ауыр жарақат алды  
Фото: khabar.kz
3,283
оқылды
Дәрігерлер Оралда тауға сырғанақ тебуге барған 17 жастағы қыздың денсаулығы туралы айтты. Бұл туралы Aikyn.kz Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқыс оқиға 28 қаңтар күні Ысқырық тауындағы «Саян» демалыс базасында  сырғанақта болған.
«Шамамен сағат 22.00-де сырғанақ теуіп жүрген 2005 жылғы қызды трос соққан. Соның салдарынан қыз іштің жабық жарақатын алған. Бауырына зақым келген. Оң жақтағы үш қабырғасы сынған. Қыз 29 қаңтар күні сағат 01.34-те облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – дейді дәрігерлер.
Бұған дейін Ақтөбеде сырғанақта 40 жастағы әйел көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.