Журналист Михаил Козачковтың қамаудағы мерзімі ұзартылды
Журналист Михаил Козачковтың қамаудағы мерзімі ұзартылды
Коллаж: Azattyq Ruhy
312
оқылды
Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу органының өтініші бойынша қамауға алу мерзімі үш айға ұзартылған.
«30 қаңтарда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, Козачковты қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді», - делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, Михаил Козачков 2022 жылы 18 желтоқсанда ұсталған болатын. Ол рейдерлік бопсалау әрекеттерімен айналысқан Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікке ілінді.