Прокуратура қызметкеріне пара ұсынған казино заңгері қамауға алынды
Прокуратура қызметкеріне пара ұсынған казино заңгері қамауға алынды
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews
606
оқылды
Көкшетауда казино заңгері прокуратура қызметкеріне пара ұсынған. Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, «Cash Ville» казиносы заңгерінің қылмыстық әрекетіне ден қойған. Тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі құжатталды. Аталған жағдайға қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 28 қаңтарында Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.