Өңірлермен қарым-қатынас орнату қажет
Өңірлермен қарым-қатынас орнату қажет
363
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда 2023 жылғы 2 ақпанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді. Бюроның жаңа құрамымен өткен алғашқы отырыста Мәу­лен Әшімбаев палатаның ал­дын­да ауқымды міндеттер тұрғанын айтып, Сенат жұмысындағы басым бағыттарға тоқталды. Алдағы палата отырысында сенаторлар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған бірнеше заңды қарайды. Солардың бірі «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық эко­номикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қо­сы­луына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық эко­номикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақ­тың құқығына кіретін же­келеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау ту­ралы» заң. Бұл құжат екіжақты уағдаластықтарды жүзеге асыру мерзімдерін ұзарту ісінде мем­лекеттер арасындағы ынтымақ­тастықты нығайтуға бағытталған. Заң Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын қалыптас­тыратын халықаралық шарттар мен актілердің кедендік құқық­тық қатынастарын реттейтін талаптарға сәйкестігін қамта­масыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сенаторлар ал­­дағы бейсенбіде «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне еңбек даулары мен жан­жалдарын шешу тәртібін оңай­лату мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заңды қарайды. Ол елі­міздің еңбек дауларын реттеу және келіссөздер процес­терін ұйым­дастыру мәселелеріне қа­тыс­ты заңнамасын жетілдіруді көздейді. Құжатқа келісу комис­сия­сының қызметіне, ұжымдық еңбек дау­ларын шешудегі кә­сіп­одақтардың рөлін нақтылауға, сон­дай-ақ жи­налыстар немесе ес­керту ере­уіл­дері өткізілуі мүм­кін жағдай­лар­ға және басқа да тиісті мәсе­ле­лер­ге қатысты түзе­ту­лер енгізілмек.