«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.