Өткен тәулікте елімізде коронавирус – 63, пневмония 3 адамнан анықталды. Бұл туралы Aikyn.kzДенсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы, 1 ақпандағы ақпарат бойынша, коронавирустан 1 551 адам (коронавирус (КВИ+) –1 404, пневмония (КВИ-) – 147) емделіп жатыр. Оның ішінде, 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 6 адамның жағдайы ауыр,
– 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.