Ақтауда үстіне диван құлаған тұрғынға ота жасалды
Ақтауда үстіне диван құлаған тұрғынға ота жасалды
Фото: tengrinews.kz
355
оқылды
Ақтаудағы Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары басына жиһаз түскен 39 жастағы ер адамға ота жасады.
"Науқастың омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде", – дейді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.
Дәрігерлер алдағы уақытта науқасты бөлімшеге шығару жоспарланып отырғанын атап өтті.