Жатақханада көз жұмған студенттің өліміне себепкер екі жасөспірім сотталды
Жатақханада көз жұмған студенттің өліміне себепкер екі жасөспірім сотталды
Фото: astanatv.kz
1,058
оқылды
Былтыр Шымкентте 22 қыркүйек күні жатақханада студент көз жұмды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі күдіктіге қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды. Қылмыстық істі қараған сот төрағасы екі жасөспірімге 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Судья Дәурен Сайхановтың айтуынша, күдіктінің бірі марқұмды темекі шеккені үшін тәртіпке шақырмақ болған көрінеді. Содан екі жігіт бірінен соң бірі кеуде тұсынан екі рет ұрған. Осыдан кейін марқұм студент өзін жайсыз сезініпті. Жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Судья абайсызда өлімге алып келген жағдай екені ескерілгенін айтты.
«Сот кәмелетке толмағанын ескерді. Жәбірленуші тараптан кешірім алып, марқұм баланың анасымен татуласты. Сол Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігі бойынша негізгі жазадан төмен жаза тағайындалды. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды», – деді Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Сайханов.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.   https://youtu.be/BWh73a461n4 Бұған дейін жатақханадағы студент өлімі туралы жазған болатынбыз.