Алматыда әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамға қатысты тың деректер шықты
Алматыда әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамға қатысты тың деректер шықты
© Алматы ПД
717
оқылды
Алматы қаласында ер адам әйелін тапаншамен атып өлтіріп артынан өзіне қол салған, – деп хабарлайды Астана телеарнасы.  Көршілерінің айтуынша, 48 жастағы азамат пен оның жұбайы ажыраспақ болып жүрген. Қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болуы мүмкін дейді. Қылмыс болған үйде ерлі-зайыптылардан бөлек ұлы мен келіні бірге тұрған. Бірінші болып ата-анасының мәйітін жұмыстан оралған ұлы көрген.
"Қылмыс ер азаматтың қызғанышынан болды, күйеуі әйелін өлтірді. Мәйіттерді кешкі сағат 19:20 шамасында анықтадық. Ұлы жұмыстан келіп, маған бірден қоңырау шалды. Полиция кешкі 7 жарымнан таңғы 5-ке дейін болды", – дейді көршілері.
Жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтап жатыр.
 "Аталмыш дерек Наурызбай ауданында орын алған. Алдын ала болжам бойынша отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", – дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.