Партия атынан ұсынылатын үміткерлер тізімі бекітілді
Партия атынан ұсынылатын үміткерлер тізімі бекітілді
927
оқылды
1 ақпан күні «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс ХХVI партиялық конференциясы өтті. Жиын филиал төрағасы Бахадыр Нарымбетовтің төрғалығымен өткізілді.
Конференцияда Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім және бір мандат бойынша сайланатын үміткерлер тізімі бекітілді.
Сайлау заңнамасының талаптарын ескере отырып, кандидаттар тізімінің сандық және сапалық құрамын сақтау мақсатында ұсыныстар тыңдалып, талқылау жүргізілді. Тізімге ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген және түрлі саланың танымал азаматтары мен қоғам белсенділері, білім саласының үздіктері, мәдениет қайраткерлері, орта және шағын кәсіптің иелері және т.б. тұлғалар кірді.
Айта кетейік, бұл жолы партиялық тізімнің 68,7 пайызы жаңарды. Тізімдегі үміткерлердің 31,2 пайызы – әйелдер, 20,8 пайызы – жастар, ал 41,6 пайызын кәсіпкерлер құрайды. Сонымен қоса тізімнің 4,2 пайызы – өзге ұлт өкілдері .
Тізімде білім беру саласының үздігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова, айтыскер ақын Біржан Байтуов, танымал көркем гимнастшы Әлия Юсупова, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, әлем, Азия чемпионы Арман Оспанов, кәсіпкер, меценат Талғат Исхахов секілді  өңірге беделді азаматтар бар. Олардың әрқайсысы еліміздің, мегаполистің дамуына елеулі үлес қосып келеді, қалың жұртшылыққа жақсы таныс.
1. Партиялық тізім бойынша сайланатын Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар тізімі: Нарымбетов Бахадыр Мадәліұлы, Абдукаримов Мақсат Серікұлы, Байтуов Біржан Ғаниұлы, Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Бектаева Жанар Әлібекқызы, Білісбеков Ерғали Даулетбекұлы, Дубинина Алина Равильевна, Жақсықұлов Бахытжан Ержанұлы, Жұмақұлова Айгерім Әбдіохапқызы, Елчиева Альбина Балғабайқызы, Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы, Зейнетаев Абзал Скендірұлы, Имашев Қайрат Есенбекұлы, Кенжебаева Мадина Умбетқызы, Қайыпов Алмасходжа Серікұлы, Қарабаева Жайна Амантайқызы, Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы, Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы, Наимбекова Айжан Ізбасханқызы, Нышанбаев Тахирбек Фархадович, Оспанов Арман Арипханұлы, Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы, Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы, Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы, Спанов Бахтияр Әбілұлы, Суетов Жансері Бүкенбайұлы, Тайжанов Бақтияр Байдуллаұлы, Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Тасмурзаев Абуали Шалдарбекұлы, Тастанов Арқабай Нұрматұлы, Тойлыбаева Жанар Джураевна, Юсупова Әлия Мақсұтқызы.
2. Бір мандатты сайлау округтері бойынша ұсынылатын Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар тізімі: Исхахов Талғат Жүнісбекұлы, Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы, Қобланова Нұргүл Төрезқызы, Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы, Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы, Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы, Әбішев Бөкейхан Нұралыұлы, Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы, Сейтов Марат Ережепұлы, Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы, Нұрмаханов Ерболат Жақыпұлы, Архабаева Алма Нұралықызы, Сулайманов Лазиз Низамханұлы, Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы, Нұрсейітов Ерхан Куандықұлы, Керімжанов Мерлан Абдрахманұлы.