
Машинаның алгоритмдері алдын ала таңдалған дереккөздерден барлық қолжетімді материалдарды жинақтап, оны сұрыптап қорытынды жасайды.[caption id="attachment_238926" align="aligncenter" width="1892"]

Студент оларды біріктіріп, орыс тіліне аударып, кейбір қателерді түзетеді. Нәтижесінде диплом жұмысы «қанағаттанарлық» деген бағамен қорғалған.Антиплагиат жүйесінде тексерілген жұмыстың бірегейлік көрсеткіші де жоғары – 82 пайыз болды. Университет түлегі бар болғаны 23 сағат қана машинамен жұмыс істеді. Ал мұндай қорытынды диплом жұмысын өз бетінше дайындау үшін білім алушыларға бір емес, бірнеше ай керек екені белгілі. [caption id="attachment_238927" align="aligncenter" width="1913"]

Дипломын қорғаған студент өзінің ЖИ-мен сәтті байланысы туралы Twitter-де бірнеше хабарлама да жариялады.Aikyn.kz өзінің бірнеше материалында ChatGPT тудырған дүрбелең туралы жазған болатын. Авустралиялық университеттердің ChatGPT-ге қарсы болып, студенттер оны жазба жұмысын дайындауда пайдаланады деген қаупін ресейлік студенттің тәжірибесі көрсетіп берді. Жасанды интеллектің студенттерге эссе жазып беру мүмкіндігі туралы да Aikyn.kz кезінде мақала жариялаған болатын.