«Қазақстан түсірген көркем фильмді алғаш рет көрдім. Бұған дейін тек деректі фильмдерді тамашалағанмын. Кино маманы басқа елден келген кәсіпқойдың жұмысын көргенде, ең алдымен кино тілін түсінуге тырысады. Бұл фильмде ол ерекше, керемет. Аталған фильмдерді көргенде кино тілінде жеткізілген белгілі бір оқиғаны көреміз және мені баурап алғаны сол», – дейді шара қонақтарының бірі, режиссер, Канн кинофестивалінің қатысушысы Мусса Туре.Африкалық көрермен қазақ киносының деңгейін жоғары бағалады, ал индустрия мамандары серіктестік орнатуды ұсынды.
– YARHA фестивалімен серіктестік келесі жылы да жалғасады деп үміттенемін. Бұл Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенімдімін. Мәдени дипломатия жалғасуы керек. Біз қазақстандық картиналардың Марокко, Тунис, Сенегал және Конго елдерінде көрсетілгенін қалаймыз, – деп атап өтті Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов.Камерундағы отандық фильмдердің көрсетілімін Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығы ұйымдастырды.
Айбике ЖАНАСЫЛ