Эндокринолог маман Гүлжан Мұратқызы ағзадағы зиянды заттарды тазартуға қатысты өз кеңесін берді. Ол ағза таза болуы үшін моншаға түсудің пайдасы көп екенін айтты.
"Лимфа деген – біздің канализация. Канализацияны тазалау үшін мен ылғи да моншаға барыңыз деймін. Аптасына бір рет саунаға барыңыз. Артық салмағыңыз болса, аптасына екі рет барыңыз. Тіпті, күнде барсаңыз болады. Солай жиналған токсиндерді шығарамыз.
Және уақытылы ұйқының пайдасы орасан. 9 жарымда дайындалып, 10-да ұйықтауға тырысыңыз. Сонда сіздің ағзаңыз мелатонин гармонын, өсу гармонын бөледі. Ең бастысы, ағза тазаланады. Ми тазаланады.
Біздің ағзамызды тазалайтын тамақтар бар. Олар жасыл шөптер, көкөністер. Әсіресе, қырыққабаттың барлық түрі. Егер мәзірімізде тек қана макарон, күріш, нан болса онда ағза тазаланбайды. Көбірек су ішіп жүрген дұрыс",– дейді ол.