Түрме басшылығы сотталған азаматты балғамен ұрып өлтірген
Түрме басшылығы сотталған азаматты балғамен ұрып өлтірген
1,972
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеде болған жағдайға байланысты шара қолданылды. Қапас басшылығы мен қызметкерлері адам өлімінен кейін жұмыстан қуылған.  Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде болған еді. Яғни, сотталушылардың бірі екіншісін тура қапас есігінің алдында балғамен басынан ұрып өлтіреді. Ал сол сәтте түрме қызметкері еш шара қолданбаған. Керісінше, есікті ашып, кетіп қалады. Дәл сол жантүршігерлік жағдайдың бейнежазбасы тарағанын Экспресс К жазды. Енді бұл жағдай бойынша қапаста толыққанды тексеру жүргізіліп, бірнеше заңбұзушылықтар анықталған. "Астана" телеарнасының жазуынша, алдымен облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Рустам Ахметжанов жұмыстан босатылыпты. Сонымен қатар  түрме басшысы мен бөлім басшысы қызметінен қуылып, тағы 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
"Бұл деректің өзі лауазымды тұлғалардың қызметіндегі жауапсыздығын көрсетеді. Күзет қойылған нысанда ауыр қылмыс жасалып отыр. Мұндай жағдайды болдырмау, алдын алу үшін нақты шаралар қабылданады. Бақылау күшейтіледі", – делінген СҚО прокуратурасының ақпаратында.