Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі бірнеше рет қайталанды. Газиантепте қираған ғимарат үйіндісінің астынан 28 сағаттан кейін 4 адамды құтқарды. Құтқарушылардың ерлігі туралы Aikyn.kz сайты «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кахраманмараш аймағында қираған үй, ғимараттардың үйіндісінің астынан тірі қалған тұрғындарды құтқару жалғасып жатыр. Жермен-жексен болған ғимараттың астынан 28 сағаттан кейін әйелді үш баласымен бірге құтқарды.
[caption id="attachment_239488" align="alignnone" width="1200"] Фото: aa.com.tr[/caption]
Жандарм, құтқарушы, дәрігерлер Фатих Сұлтан ауданында орналасқан жер сілкінісінен қираған 6 қабатты «Фуркан» тұрғын үй кешені тұрғындарын үйінді астынан аршып алып жатыр.
Апаттан кейін шамамен 28 сағат өткен соң Дөн Өзқылыч пен оның бала-шағасы Абдулқадыр, Бейза мен Элиф үйінді астынан шығарылды. Құтқарушылар жаралы отбасын ауруханаға жөнелтті.