Киім емес, тамақ керек деп жылап хабарласқандардың санында есеп жоқ – Айнұр Тұрсынбаева
Киім емес, тамақ керек деп жылап хабарласқандардың санында есеп жоқ – Айнұр Тұрсынбаева
26,483
оқылды
Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 8 мыңға жетті. Үйіндінің астында қалғандар өте көп, яғни бейресми дерек көздері қаза тапқандар 15 мыңның айналасында деп айтып жатыр. Бұл деректі белгілі айтыскер, соңғы жылдары Түркияда өмір сүріп жатқан Айнұр Тұрсынбаева айтты.
«Себебі жермен-жексен болған үйлердің астын қарау мүмкін болмай тұр. Біздің кешегі "Жинақ тоқтады" деп жазғанымызға қарамай түнімен тағы ақша салыныпты! Сонымен 15 сағаттың ішінде 35 миллион теңге ақша түсті! Әлі де тоқтамай түсіп жатыр екен... Кеше 22 миллионға азық-түлік алынды. "Киім емес, тамақ керек" деп жылап звондағандарда есеп болмады! Әсіресе, балалар қиналып жатыр екен. Күн суық! Бас консул ұшақ тауып берді. Қазір заттарымыз кету керек!» – деп жазды айтыскер.
Ол қалған ақшаға бүгін балалар тамағын алып беріп жіберетіндерін айтқан. Кешке тағы есеп бермек. Өзі көрген түріктің бәрі "Қазақ халқына разымыз" деп алғысын айтып жүгіріп жүр.
«Жер сілкінген қалаларға өзіміз барғымыз келген, оған рұқсат ала алмадық. Арасында "Неге түріктерге қазақтың ақшасын бересің, ұятсыз" деген қарғыстар да естіп қалып жатырмыз... "Сирияға көмектесіңдер" деп ұрсып жатқандар бар. "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" Абай айтқан. Ең бастысы аманатқа қиянат жасамадық. Біздер үшін де, сіздер үшін де бастысы Алланың разылығы! Алла елімізді осындай апаттан сақтасын!» – Айнұр Тұрсынбаева.
Ақын көпшілікті пейіл тарылтпауға шақырады. Зілзала түнгі уақыттарда болғандықтан, жұрттың бәрі ол кезде үйінде болған. Келесі жер сілкінісі түскі астың уақытында қайталанған.
«Құранда 7:4 сүреде: "Шындығында, кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымыз түнделетіп және түскі демалыста келеді" делінген. Көбіне жер сілкінісі – Алланың ескертуі. Ғалымдар «Екі "З" әрпі көбейгенде, үшінші "З" келеді» деген. Яғни Зұлымдық және Зина көбейген кезде Зілзала болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Зина жайылған кезде жер сілкінісі көбейеді» (Дәйләми). «Күнәлар ашықтан-ашық істеле бастағанда жақсы-жаман халықтың бәрі жалпылама азапқа душар болады» (Табарани). Жер сілкінісі – қиямет белгілерінен. Бұхаридағы хадис шәрифте «Жер сілкінісі көбеймегенше қиямет басталмайды» делінеді», – деп жазды автор.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)